Welcome to SEAS: Kazakh

Білім алатын жоғарғы оқу орынды таңдау – өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі. Джордж Вашингтон Университетінің Инжиниринг және Қолданбалы Ғылым (School of Engineering and Applied Science) Мектебі сіздерге өз есігін ашып, мамандықтардың кең спектрін ұсынады. Біздің мектепте дүниежүзінің әр түкпірінен келген студенттер оқиды. Біз өз халықаралық студенттерімізді тек қана бағалап қоймай, олардың оқуға түскен және оқып жатқан кезіндегі процессін қолдауға тырысамыз. Халықаралық талапкер ақпарат бетінде (International Admissions Information ) Джордж Вашингтон Университетіне қалай түсуге болады екенін, қандай қажетті құжаттама және тиісті рәсімдер керек екенін табуға болады.

Джордж Вашингтон Университеті 1821 жылы Конгресстін тапсырысымен құрылды. Джордж Вашингтон, Америка Құрама Штаттарының алғашқы Президенті, елдің астанасы Вашингтонда болашақ көшбасшыларды дайындайтын университет құруына көп ықпал етті. Джордж Вашингтон Университетінің Инжиниринг және Қолданбалы Ғылым Мектебі 1884 жылы Колумбия Университетінің Коркоран Ғылым Мектебі ретінде ашылды. Инжиниринг және Қолданбалы Ғылым Мектебі алғашқы университеттердің қатарында әйел адамдарды инжиниринг ғылымына даярлауға қабылдады. Қазіргі таңда Инжиниринг және Қолданбалы Ғылым Мектебінің 5 департаментінде жиырмадан астам магистрлерге және докторанттарға арналған оқу бағдарламалары ұсынылған.

Талапкерлерді қабылдау офисі жаңа түскен студенттерге виза және басқа да қажетті құжаттар жөнінде көмек көрсетеді. Оқу басталғанға дейін бір апта қалғанда, жаңа қабылданған студенттер Фогги Боттом (Foggy Bottom) кампусында Бағдарлама (Orientation) аптасын өтеді. Осы апта кезінде студенттер Вашингтон қаласы мен Джордж Вашингтон Университетінің ресурстарымен танысады.

Джордж Вашингтон Университеті елорда Вашингтонның орталығында орналасқан. Біздің Университет 3 кампустан тұрады. Фогги Боттом кампусы Президенттің Резиденциясы Ақ Үйдің (White House) , Смитсониян (Smithsonian ) Мұражайларының және Ұлттық Саяжолдың (National Mall) қасында орналасқан. Егер сіздер өздеріңізді лайықты мансаппен, материалдық игілікпен және қоғамдағы құрметпен қамтамасыз еткілеріңіз келсе – Джордж Вашингтон Университетінің Инжиниринг және Қолданбалы Ғылым Мектебі сіздердің таңдауларыңыз!